Үлкен әупілдек (лат. Botaurus stellaris) – Ескекаяқты құстар отрядының құтан тұқымдасының Әупілдек немесе Көлбұқалар туысына жататын құс.
Өзен-көл жағасын, қалың қамыс арасын мекендейді. Түсі сарғылт, маңдайы, төбесі және желкесі қара қоңыр, көзінің алды жасыл сары түсті болады. Қанатының ұзындығы 320 – 350 мм, салмағы 900 г-ға дейін жетеді. Жемін аулауға түнде шығады, бақа, итшабақ, ұсақ балықтармен және су жәндіктерімен қоректенеді. Көбейер кезде ғана жұптасып, басқа уақытта жеке тіршілік етеді. 2 – 3 қоңырқай жұмыртқасын қамыс-қопа ішіндегі ұясына салады. Балапандары екі айлығында ұшады. Әупілдек – жыл құсы. Наурыз – сәуірде Қазақстанға ұшып келіп, қазан айында жылы жаққа қоныс аударады. Әупілдек жемсауына су толтырып алып, қайта шығарғанда ерекше дыбыс естіледі, аты соған байланысты аталған.
Comments